25 қазан Қазақстан Республикасының күні


21 қазан 2022 жылы М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының 6 филиалында 25 қазан Республика күніне орай  «Қыран елім Қазақстаным» атты кездесу кеші өтті. Бұл кездесуде академик Сағынов атындағы Қарағанды техникалық Университетінің студенттері қалалық мәслихат депутаты Камали Жибек Камалиевнамен және Қазыбек би ауданы «Аманат» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Бағчай Абай Арыстанбекұлымен кездесті.  Іс-шара барысында студенттер Қазақстан тарихы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Іс-шара барысында «Қыран елім Қазақстаным» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара «Атамекен» әнімен аяқталды. Іс-шараны ұйымдастырған «Химия және химиялық технологиялар» аға оқытушылары Мукархан К., Жақсыбаева М.Е.

Без рубрики