22 қараша 2022 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, химия және химиялық технологиялар кафедрасында «Қарағанды облысының конфессия аралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » КММ теологы, «Төлеутай ата» мешітінің Наиб имамы Ерғазы Азамат Сайлауұлымен кездесу өтті. Кездесуге ОПИ-21-1,2, БТ-21-1, БТ-20-1, ОПИ-20-1 тобының студенттері қатысты.
Кездесудің негізгі міндеті – діни экстремизмнің алдын алу және студент жастардың діни сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымдар мен олардың пайда болу себептері талқыланды. Нәтижесінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауаптар алды.