Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі- мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің СИБ-19-4, СИБ-20-2,СИБ-21-1, СИБ-21-3 топтарының студенттері мен кураторлары Жаркимбекова А.Ж., Кадирова Ж.Б., Рысбекқызы Б., Ракова Г.К. қайырымдылық акциясы аясында, мейірім мен көмек күткен жандарға Қарағанды қаласының арнаулы әлшеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемесінде 18-ден асқан психо-неврологиялық аурулары бар 1 және 2 топтағы мүгедектерге қол ұшын беріп, аз да болса үлестерін қосты.