Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Антарктидада жұмыс істейді


Біздің университеттің түлектері таяу және алыс шетелдердің әр түкпірінде еңбек етеді. Бүгінде оларды ыстық Оңтүстік елдерінде, қоңыржай ендіктерде және мәңгілік мұз қатқан жерлерде кездестіруге болады.

Жақында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша оқып, 2010 жылы ЖОО-ны сәтті аяқтаған, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының түлегі Максим Забудченко Антарктидадан өзі туралы хабар берді.

Максим Забудченко бүгінгі таңда Оңтүстік полюсте жауапты геодезиялық жұмыстарды орындап жүрген кафедраның алғашқы түлегі болды. Ол Арктика және Антарктика институтында (РФ) жұмыс істейді және ұшу-қону жолағындағы жарықтарды болжау және оның пайда болуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ «Прогресс» және «Восток» полярлық станцияларының жұмысын геодезиялық қамтамасыз етеді.

Максим Забудченко университет басшылығына, кафедраның ПОҚ-на терең білім, жоғары білікті дайындық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие болғаны үшін шексіз ризашылығын білдіреді.

Без рубрики