QazInnovations стартап-инкубациялық бағдарламасы!


2022 жылдың 18 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің базасында QazInnovations ұйымдастыруымен стартап-инкубациялық бағдарламасы өтті. 2022 жылдың 1 желтоқсанында Demo Day қорытынды іс-шарасында 15 үздік бизнес-жоба потенциалды инвесторларға, клиенттерге және серіктестерге өз идеяларын ұсынды.

Бағдарлама «NARI QazInnovations» АҚ тапсырысымен жасалған. Сондай-ақ Demo Day іс-шарасына қазылар алқасы болып «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Сарыарқа СПК» АҚ, «Қарағанды облысының ақпараттандыру, халыққа қызмет көрсету және архивтер басқармасы» қатысты.

Без рубрики