«Баға жетпес бет оқиғалары»


«Баға жетпес бет оқиғалары» осы атаумен 21.10.2022 ж. Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ҚХА және СҒЖ кафедрасының оқытушылары республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, жалпыұлттық келісімді қалыптастыру. Республикалық дөңгелек үстел жұмысына «Kazislam.kz» рухани-ағартушылық порталының журналисі, халықаралық сарапшы Біләлов С.А. Бұған дейін 25 қазанда Қазақстан Республикасында Республика күні аталып өтілді. Бұл мереке күні болғанымен, осыдан 13 жыл бұрын, яғни 2009 жылы «Мерекелер туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, күші жойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Республика күнін жаңғырту – халқымыздың рухын көтеріп, мемлекеттігімізді нығайтуға бағытталған аса маңызды тарихи қадам. Бұл есте қаларлық күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, барша халқымыздың еркін өмірге, тәуелсіздікке деген ұмтылысын көрсететін мерекеге айналады». Дөңгелек үстел жұмысына келесі студенттер белсене қатысты: Аманжол Ернат (гр. АиУ -21-1). «Кҩңіл толқыны» күйін орындады. Дөңгелек үстел форматы нәтижелі әңгімелесуге ықпал етті, іс-шара жылы және достық жағдайда өтті. Жиналғандардың барлығын келе жатқан Республика күнімен құттықтады.

Без рубрики