«OPTIMUSKZ» компаниясы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне ғылыми-практикалық семинарлар өткізді


Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында «Біздің өскелең ұрпақ тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс» деп атап өтті.

Тек білімді және білікті жастар ғана қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие бола алады. Уақыт талабына сай болу үшін үнемі оқу керек.

Осыған байланысты жақында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «OPTIMUSKZ» компаниясының «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының студенттері үшін өткізген осындай ғылыми-практикалық семинарларының рөлін бағалауға сөз жетпейді. Бұл компания химия саласындағы әлемдік көшбасшы — BASF Central Asia ресми дилері болып табылады. Оның тапсырыс берушілерінің қатарында ірі құрылыс ұйымдары ғана емес, сонымен қатар шағын құрылыс фирмалары, құрылысшылар бригадалары, сондай-ақ жеке тапсырыс  берушілер де бар.

БАСФ Холдингінің Құрылыс Химиялық Материалдары бөлімшесі өндіретін өнім азаматтық құрылыс объектілерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға, тұрғын үй стандарттарын және салынып жатқан құрылыс конструкцияларының қауіпсіздігін жақсартуға, баға жинақтарының тиімділігін арттыруға және дайын және жаңадан салынып жатқан объектілердің сыртқы түрін өзгертуге мүмкіндік береді.

«Модификаторлардың бетон қасиеттеріне әсері» тақырыбындағы семинарлар барысында студенттерді компанияның өнімдерімен және заманауи үлгідегі бетон қоспасының артықшылықтарымен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ зертханалық сынақтар арқылы процесті көрнекі түрде көрсетті. Бұл студенттердің компания жұмысына деген қызығушылығын арттырды. Айтпақшы, оның қызметкерлерінің арасында біздің университеттің бұрынғы түлектері болды, олармен кездесу осының қарсаңында ұйымдастырылды.

Ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде өтті.  Қорытындылай келе оның барлық қатысушыларына қоспалары бар каталогтар мен компания өнімдерін пайдалану бойынша түсіндірмелері бар брошюралар таратылды.

Без рубрики