Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы «SKILLS UP» Өңірлік хакатонында жеңіске жетті


2022 жылдың қараша айының екінші он күндігінде «Террикон Алқабы» IT-Hub базасында «SKILLS UP» Өңірлік хакатоны өткізілді.

Конкурстың мақсаты цифрландыру саласында жаңа жобаны әзірлеу арқылы білім алушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерін және білімге деген қызығушылығын анықтау және дамыту болды.

Бұл ретте конкурс қатысушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне және оқуға деген қызығушылығын арттыруға түрткі болды, анағұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді анықтауға ықпал етті және сайып келгенде, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесті.

СИБ-20-1 (Сүндетова Саяна, Стамқұлова Диана, Қалелова Айзада, Қуаныш Аружан) және СИБ-20-2 (Нұриден Мұқтар) топтарының студенттерінен құралған «Mainline» командасы өңірлік турдың жеңімпазы атанып, «Финалға билетті» жеңіп алды.

Жеңіспен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики