«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғам акцияларының 100% пакеті бар:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2022 жылғы № 67 бұйрығымен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жарғысына мынадай өзгерістер енгізілді:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі — Жалғыз акционер) болып табылады. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді жалғыз акционер өз бетінше қабылдайды, олар бойынша шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша қабылданатын мәселелерді қоспағанда».