ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау мақсатында Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің «Жас Ғалым» жобасы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінін жас ғалымдармен үгіт-насихат кездесуі өтті


Қазіргі Мемлекет басшысын парламенттік партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдарды біріктірген Халық коалициясы Ел Президенттігіне кандидат етіп ұсынды.

Кездесу барысында жас ғалымдар Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ МӘҢГІ» атты сайлауалды бағдарламасымен танысты, онда алдағы 7 жылда елдің дамуының нақты көрсеткіштері бар.

Атап айтқанда, қазақстандық ғылымды дамыту үшін қолданбалы ғылымды, оның ішінде ірі бизнестің ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыруы есебінен қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін, атап айтқанда, гранттар бөлу арқылы жағдайлар жасау, жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар қалыптастыру жоспарлануда.

Без рубрики