Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті үстел теннисінен қалалық турнирде жүлделі орынға ие болды


Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында үстел теннисінен ашық қалалық турнир өтті, оған қайта танымал болып келе жатқан осы спорт түрінің қатысушылары да, жанкүйерлері де көп жиналды.

Турнир жеңімпаздарының арасында екінші орын алған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының студенті Амантай Ержан болғаны қуантарлық жайт.

Спорттық жетістіктеріңмен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики