Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері «Armanga jol 2022» жартылай марафонына қатысты


Қарағандыда күзгі қолайсыз ауа-райының басталуы нағыз жүгірушілер үшін қорқынышты емес. Олардың біреуі жаңа спорттық жетістіктерге ұмтылса, біреуі денсаулығын күтеді немесе жай ғана денебітімін қалпында сақтайды.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің көптеген студенттері де жүгіруге құрметпен қарайды. Жақында олардың арасынан «Armanga jol 2022» Орталық Азияның ең үлкен жартылай марафонына қатысуға бел буған батылдар табылды. Оның негізгі қашықтығы 21 км 97,5 м құрайды — бұл толық марафон қашықтығының тең жартысы.

Жарысқа СИБ-22-1 және СИБ-22-3 топтарының студенттері қатысты. Бұл жағдайда жеңіс емес, қатысу маңызды болды. Ең алдымен өзіңе осындай қашықтықты еңсере алатыныңды дәлелдеу. Балалар мұны  іске асырып, лайықты құрметке ие бола алды.

Без рубрики