Қазақстанда алғаш рет магистранттар мен докторанттар арасында деректермен жұмыс істеу бойынша байқау өтеді


Ұлттық статистика бюросы және ҚР Ұлттық Банкінің Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы «Qazdatathon» деректерімен жұмыс істеу бойынша байқау өткізетіні туралы хабарлайды..

Байқауға Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистратурасы мен PhD докторантурасының білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылары қатыса алады.

Ол үшін экономикалық теорияны түсінетін, статистикалық қосымшалармен немесе бағдарламалау тілдерімен (математика, статистика мамандары, экономистер, data scientist-тер) жұмыс істеу дағдылары бар 2-5 адамнан тұратын командалар құру қажет.

Бір жоғары оқу орнынан бірнеше команда қатыса алады.

Байқау туралы толық ақпарат datathon.kz сайтында.

Без рубрики