13-14 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жатақханаларында Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің өкілдерімен студенттердің бірқатар кездесулері өтті.
Кездесуге Департаменттің жедел қызметкері Корниенко Кирилл Александрович қатысты. Кездесу синтетикалық есірткіні қолданудың таралуы мен салдары мәселесіне арналды.Департамент қызметкерлері қол жетімді түрде психоактивті заттарды қолданудың ауыр салдары туралы айтты, бұл дене функциясының қалпына келтірілмейтін бұзылуына ғана емес, сонымен қатар ауыр психикалық бұзылуларға, мидың зақымдалуына әкеледі. Сондай-ақ, студенттерге ҚР Қылмыстық заңнамасында қарастырылған есірткі заттарын қолдану мен таратудың салдары, есірткінің заңсыз айналымына тартудың құқықтық салдары түсіндірілді.