Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға және синтетикалық есірткілердің таралуы мен қолданылуының алдын алуға бағытталған бірінші курс студенттеріне арналған тренинг


13 қазанда «Жастар Әлемі» МО арасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға және синтетикалық есірткілердің таралуы мен қолданылуының алдын алуға бағытталған бірінші курс студенттеріне арналған тренинг өтті. Жиында #AslanSpeak авторы, «Ассамблея Жастары» дебаттар лигасы» жобасының үйлестірушісі Смагулов Асылан коуч-жаттықтырушы ретінде сөз сөйледі.

Спикер жастарға тыйым салынған заттардың қауіптілігі туралы ескертті, сондай-ақ қызықты тәжірибелер жүргізіп, студенттерді синтетикалық есірткінің қоршаған ортаға таралуы мен пайдалану проблемасына бей-жай қарамауға шақырды.

Без рубрики