Сіздерді 2022 жылдың 11 қарашада “Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті” КеАҚ базасында өтетін «Цифрлық трансформация жағдайында зияткерлік капиталды қалыптастыру: тәжірибе, сын-қатерлер, перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға шақырамыз.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1 секция. Зияткерлік капиталды қалыптастыру мен басқарудың тиімді тетіктері; |
2 секция. Машина жасау, көлік және құрылыстағы жоғары ғылыми технологиялар; |
3 секция. IT және BIM-технологиялары, Energy, нейромаркетинг; |
4 секция. Тау-кен металлургия кешенінің практикалық мәселелер шешудегі инновациялық тәсілдер; |
5 секция. Өндірістік мәселелер шешудегі SMART-технологияларды пайдалану. |
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер Ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 5 қарашаға дейін төмендегілерді жіберуі тиіс: қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш; төменгі талаптарға сәйкес жасалған баяндаманың тезистері; тұпнұсқалығын растайтын анықтама (антиплагиат).
Конференцияға қатысу тегін.
Конференция жұмыстарының жинағы ISBN-мен конференция өткеннен кейін басып шығарылады және ҚарТУ сайтында электронды форматта орналастырылады.
Конференцияға қатысу үшін материалдар келесі электронды поштаға жіберілуі керек: nauka-2050@mail.ru
Пошталық мекенжай: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев данғ., 56, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (бас корпус, 2 қабат, каб.224).
Конференция сайты: http://conf.kstu.kz/
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы:
Моисеев Валерий Семёнович
Анықтама телефондары: (8-721-2) 56-52-34