2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылдың 17 қазан айынан 2022 жылдың 17 қараша (қоса алғанда) айына дейін.

Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 226 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.

Конкурстық құжаттама: https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/438382?lang=kk

Без рубрики