ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары, 4000 үміткер қатысқан: мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары, ЖОО оқытушылары арасында ҚР педагогтар қоғамы өткізетін «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының қорытындысы бойынша жоғары марапаттарға ие болды.

Сәулеш Рахметоллақызы Жақсыбаева «Үздік педагог» атағына, Гибрат Қажымұратұлы Кабсамет «Үздік жас педагог» атағын ие болды.

Жеңімпаздар Дипломдар, куәліктер мен медальдар алды.

Оқытушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики