БӘД кафедрасы келесі мамандықтар бойынша дайындайды:
5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық».Тек кана біздің Университетімізде ғана осы мамандық бойынша студенттер әскери кафедрада білім алады және «сержант» әскери шенін тағайындайды, егер әскерде іс-тәжірибеден өтсе онда «лейтенант» шені беріледі.
Берілген бағыт бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; Отан алдындағы борышын өтеуге құлшынысын және патриоттық, саяси өсуге тәрбиелеу болып табылады.
5В010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне бастапқы әскери дайындық бакалавры деген академиялық дәреже беріледі (оқу мерзімі 4 жыл).
Бітіруші түлектердің кәсіптік қызметінің саласы болып білім және ғылым саласы болып есептеледі.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- орта білім беру орны: жалпы білім беретін орта мектептер, мектеп-интернаттары;
- гимназия және лицейлер;
- бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары;
- жоғарғы оқу орындары;
- білім берудің әкімшілік органдары
Мамандық түлектерінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары:
- оқу процесін жоспарлау мен орындау;
- әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру және басқару;
- спорттық-жаппай шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыру;
- әскери-техникалық үйірмелер мен секциялардың жұмысын басқару.
«Бастапқы әскери дайындық» мамандығының түлектері қауіпсіздік қызметінде нұсқаушы болып, ал Қазақстан Республикасында көші-қон іс-шаралары жүргізілген уақытта алдыңғы қатардағы офицерлік қызметті атқара алады.