Шетелдік мамандарды тарту бағдарламасына сәйкес


Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді интернационалдандырудың негізгі бағыттары халықаралық ынтымақтастыққа, ғылыми және педагогикалық әлеуетті біріктіруге, халықаралық тәжірибе есебінен білім мен ғылыми зерттеулерді жетілдіруге, түлектердің әлемдік деңгейдегі қасиеттері мен білімдерін қалыптастыруға бағытталған.
«Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде және ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жыл сайын шығарушы кафедралар мен ғылыми орталықтар базасында ғылыми-педагогикалық қызметке жетекші шетелдік сарапшыларды тартады.
Мәселен, 26-30 қыркүйек аралығында «Нанотехнология және металлургия» шығарушы кафедрасында Краков технологиялық университетінің (Польша) қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Кинга Корнеенко Халықаралық материалтану орталығының жұмысымен және біздің ЖОО базасында «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі аккредиттелген сынақ зертханасының жұмысымен танысып, «Металлургия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен магистранттарға сабақ өткізді.

Без рубрики