16 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» тақырыбындағы Жолдауында айтылған нақты мәселелерді жүзеге асыру мақсатында колледж ұжымымен жиналыс өткізілді.
Жиын Мемлекет Басшысының Жолдауы экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау сияқты маңызды мәселелерді талқылап, пікір білдіруге арналды.
Тарих пәнінің оқытушылары Несипов Рахат Рысбекұлы мен Умирбекова Гүлжазира Шәмшібекқызы қатысушыларды, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ішкі саясатына бағытталған Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, еліміздің жас ұрпақтарын қолдау жөніндегі бастамалар, дарынды жастарға арналған білім беру гранттары, жылдық 2-3 пайыз жеіңлдікпен берілетін несиелер, Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға тұрғын үй мен білім беруге 50% инвестициялық табыс бөлу, ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін арттыру сияқты Жолдауда айтылған жақсы жаңалықтармен бөлісіп, сарапқа салды.
Колледж директоры Смагулова Нурбибі Абсадыққызы «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа арналған Жолдауы, біз үшін болашаққа жоспар құруға және негізгі бағыттарды іске асыру үшін тамаша мүмкіндік. Еліміздің одан әрі дамуы мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары мен студентері де бірауыздан қолдайды және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысады деген сенімдеміз»- деп атап өтті.