Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл


2022 жылдың 9  қыркүйегінде  І корпустағы 304, 307 дәрісханаларында     ТТ-22-1, ТТ-22-1с, ОП-22-1, ОП-22-1с, Лог-22-1, Лог-22-1с, ТТ-21-1, ТТ-21-2, Лог-21-1, ОП-21-1, ОП-21-1с, ОП-20-1, Лог-20-2 топтарының студенттері Рухани-адамгершілік білім кеңесі төрағасының орынбасары Тусупбеков Жарқын Амантайұлының ұйымдастыруымен болған республикалық семинарда «Mugla Sitki Kocman» университетінің PhD докторанты Жарас Ахан Иебергенұлы, «Kazdream» ЖШС, жобалаушы менеджер, тарих ғылымдарының магистрі Біләлов Серікбол Арғынғазыұлы, Қарағанды облысы конфессия аралық қатынастардың проблемаларын зерттеу және талдау орталығының теолог маманы Карсыбекова Жанар Бектеновналардың  «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл»тақырыбында дәрісін тыңдады.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге жалдау әдістері, деструктивті ағымдарды жалдаушылар қандай әсер ету әдістерін қолданатыны, өзін және жақындарын деструктивті діни ағымдарға тартудан қалай қорғау керектігі туралы ақпаратпен таныстыру.

Кездесу соңында лекторлар студенттерді сыни ойлау дағдыларын дамытуға , келіп түскен ақпаратты талдауға және олардың дұрыстығын тексеруге шақырды.

Без рубрики