Ел Президентінің Жолдауы аясында


13 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Сеніммен болашақ» РҚБ Қарағанды филиалының директоры И.Токмурзинамен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» тақырыбында оқытушылармен және студенттермен кездесу өтті.

Жүздесу барысында спикер қатысушыларды Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырып, еліміздің жас ұрпағын қолдау жөніндегі бастамалар, дарынды жастарға арналған білім беру гранттары, жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен берілетін несиелер, Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға тұрғын үй мен білім беруге 50% инвестициялық табыс бөлу, ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін арттыру туралы айтты.

Сондай-ақ, іс-шара қонағы «Сеніммен болашақ» қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы баяндады, оның мақсаты ата-аналардың балаларды тәрбиелеу бойынша психологиялық-педагогикалық білімі мен дағдыларын арттыру, оларға ақпараттық және құқықтық көмек көрсету.

Без рубрики