Басты


Факультетте мына мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асады:

5В012000 «Кәсіби оқыту» мамандығы шеңберінде келесі оқу бағдарламалары (профильдер бойынша) бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі:

Машинажасау өндірісі
Құрылыс
Автокөлік құралдарын жөндеу және пайдалану
Ақпараттық технологиялар
Экономика және шаруашылық субъектілер менеджменті

Бұл бағыттағы оқу бағдарламасының мақсаты тұлғаның тұтас ғылыми-жаратылыс дүниетануынан, жоғары өндірісті-техникалық, экономикалық білімдарлық және мәдениеттен, тұрақты өнегелі бағдардан және негізделген дайындаудан тұратын кәсіби-бағдарлы білім алуы.

Оқу бітірушілерге мамандандырылуына байланысты «бакалавр» академиялық дәрежесі және «кәсіби оқыту ұстазы, профиль бойынша арнайы және жалпытехникалық пәндер оқытушысы» біліктілігі беріледі.

Оқу мерзімі 4 жыл.

Екіжақты білім алу (инженерлік-педагогикалық) жалпы және кәсіби мектеп, колледж, лицей және оқыту-өндіріс комплекстерінде жалпытехникалық және жұмысшы мамандық технологиялырының арнайы пәндерінің оқытушысы; бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқыту жүйесіндегі өндірістік оқыту шебері; ғылыми-зерттеу мекемелерінде және конструкторлық бюроларда, өнеркәсіп кәсіпорындарында инженер ретінде қызмет етуге зор мүмкіндіктер береді.

5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық». Тек біздің Университетте ғана бұл мамандық бойынша студенттер әскери кафедрасында «сержант» әскери атағын, соңынан әскерлерде сынақтан өтуіне қарай «лейтенант» атағына ие бола алады.

Бұл бағыттағы оқу бағдарламасының мақсаты әскери дайындық облысында біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау; саяси ержетуге, Отан алдындағы борышын орындауға ұмтылу және патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бакалавриат бітірушісіне бастапқы әскери дайындық бакалавры академиялық дәрежесі беріледі ( оқу мерзімі 4 жыл ).

Бітірушінің кәсіби қызмет аумағы білім беру және ғылым облыстары болып табылады.

Кәсіби қызмет объектілері:
Орта білім оқу мекемелері: жалпы білім беретін мектептер, мектеп-интернаттар;
Гимназиялар мен лицейлер;
Бастапқы және орта кәсіптік оқу мекемелері;
Жоғары оқу орындары;
Біліми әкімшілік органдары

Мамандық бітірушілерінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары :
оқу процесін жоспарлау және өткізу;
әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру және басқару;
спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру;
әскери-техникалық үйірмелер мен секциялардың жұмысын басқару.

«Бастапқы әскери дайындық» мамандығының бітірушілері қауіпсіздік қызметтерінде нұсқаушы болып жұмыс істей алады, Қазақстан Республикасында мобилизация шаралары кезінде алғашқы офицер лауазымдарында бола алады.

Назар !

Әскери кафедрасында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары, яғни тек біздің Университеттің күндізгі толық оқу түріндегі студенттер оқи алады. Олар Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі мемлекеттік тапсырысымен шектелуіне байланысты конкурстық түрде ғана өтіп оқытылады.

Оқыту ақылы негізде жүзеге аспайды .

Без рубрики