Оқытушының біліктілігін арттыру – білім берудің жаңа көкжиектерін ашудың кілті


Қазіргі заманғы жоғары мектеп педагогы өзінің пәні мен оқыту әдістемесін меңгеріп қана қоймай, сондай-ақ кең құзыретке ие болуы керек. Оқытушылар білім берудегі реформаларға, педагогикалық ғылымның дамуына және басқа да салаларға байланысты үнемі өз құзыреттерін кеңейтіп, біліктіліктерін арттыруы қажет.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің «Шетел тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы білім және ғылым саласында бәсекеге қабілетті қызметкерлер болып қалу үшін түрлі курстарда, тренингтерде және семинарларда білім алу арқылы үнемі біліктілігін арттырып отырады.

Қазақстан Республикасындағы Америка Кеңесімен халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде кафедра оқытушылары Амангелдина Г.А., Ярема Т.В., Сеитова Л.А. және Шотай А.Е. Солтүстік Техас университетінің (Institute of Intensive English Learning at University of North Texax) ағылшын тілін қарқынды оқыту институтында біліктілігін арттыру курстарын аяқтады. «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Амангелдина Г.А., Ярема Т.В., Сеитова Л.А., Шотай А.Е. Америка Құрама Штаттары университеттерінің Орталық Азия университеттерімен серіктестік бағдарламасы (UniCEN) жобасының (https://unicen.americancouncils.org/u-s-kazakhstan-university-partnerships-program-awards-announcement/) бөлігі ретінде қарқынды ағылшын тілін оқыту институтында біліктілігін арттыру курстарын аяқтады.

Сондай-ақ, «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Coursera жобасы аясында жүйелі түрде біліктіліктерін арттыруда. Coursera.org — бұл Принстон, Стэнфорд, Беркли және басқа да көптеген жетекші әлемдік университеттердің онлайн оқыту жобасы.

Осылайша, кафедра оқытушысы Шотай А.Е. Ирвиндегі Калифорния университетінде «IELTS Listening and Speaking Sections Skills Mastery» бағдарламасы бойынша, ассистент Абдыкаримова Г.М. « English for Career Development» бағдарламасы бойынша Пенсильвания университетінде, аға оқытушы Магауина Г.М. Ирвиндегі Калифорния университетінде «IELTS Listening and Speaking Sections Skills Mastery» бағдарламасы бойынша, ассистент Шамиева Р.К. Барселона Автономды Университетінде «English for Teaching Purposes» бағдарламасы бойынша онлайн курсын аяқтады.

Қазіргі таңда шығармашыл, сауатты, тұлғалық әлеуетін дамытуға қабілетті педагогтар қажет. Өзінің кәсіби деңгейін көтере отырып, оқытушы есте сақтауы керек қағида: оқу – өмір бойы жалғасатын процесс.

Без рубрики