Қамқорлық жасау – қайырымды қоғамның қағидасы


Қартайған шағында туыстары мен достарынсыз қалған адамдар үшін басқа адамдармен қарым-қатынас өте маңызды. «Благодать» қарттар үйінің тұрғындары ұстаздарымыз бен студенттеріміздің әрбір келгенін мереке ретінде қабылдайды.

Жақында Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының қызметкерлері (кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент Қалыбекова Қ.С.) «AQNIET» университеттік жастар қайырымдылық ұйымының еріктілерімен бірлесіп, өз қамқорлығындағы қарттарға барып қайтты. Қарым-қатынас туыстары мен жақындары кездескендей еркін сипатта болды.

Өкінішке орай, қоштасатын уақыт келді. «Благодать» қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары кафедра ұжымына және жастар қайырымдылық ұйымына шынайы алғыстарын білдірді. Және олар тағы да кездесеміз деп уәделесті.

Без рубрики