Summer Science School


№52 орта мектептің оқушыларымен “Summer Science School” кездесу өтті

6.06.2022 ж. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 5 корпусында 6В05101 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша №52 орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында п.ғ.д., доцент Дербуш С.Н. мектеп оқушыларына «Биотехнология негіздері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында викторина өткізілді.

4 курс БТ-18-5 тобының студенті Қанафина Дамелия студенттік өмір туралы, 6В05101 «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың артықшылықтары туралы айтып, өзінің дипломалды практикасы туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесудің келесі кезеңінде студенттер зертханалық жұмыстарға қатысты.

Сондай-ақ «Биоинженерия» ҒББК зертханаларына экскурсия жүргізілді.

Кездесу нәтижесінде студенттерге сертификаттар табыс етілді:

  • белсенді қатысқаны үшін;
  • шығармашылық үшін;
  • ең жақсы жауап үшін;
  • ғылыми көзқарас үшін;
  • болашақ биотехнолог.

Ең белсенді мектеп оқушыларына естелік сыйлықтар табыс етілді: USB флэш-дискілері, дәптер, қаламдар мен бейсболка.

Канафина Дамелия өз атынан шығармашылық идеясы және зертханалық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Р.Флюкстің «Экологический рост без ущерба для экологии» кітабын табыстады.

Без рубрики