Оқыту сапасын арттыру


Сапалы және қолжетімді білім беру «Шет тілдері» кафедрасы жұмысының басымдығы болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін бөлімшенің академиялық және академиялық емес салаларын қамтитын сапаны басқарудың ішкі жүйесі әзірленді.

Маусым айының бірінші онкүндігінде кафедрада аралас форматта (blended meeting) онлайн және офлайн режимінде Сапаны қамтамасыз ету комитетінің (СҚК) жоспарына сәйкес кезекті отырыс өтті. Кафедраның СҚК құрамына тәжірибелі оқытушылар, «Ғылыми-техникалық аударма» қосымша бағдарламасы бойынша оқитын жоғары курс студенттері, білікті академиялық менеджер, Британдық Кеңестің жаттықтырушысы, Норвич Тілдік Білім Беру Институтының (Ұлыбритания) DELTA біліктілігі бар халықаралық және мәдениетаралық Менеджмент магистрі Andrew Hockley кіреді.

CEFR жүйесі бойынша критериалды бағалауды қолдана отырып, силлабустарды әзірлеу шеңберінде кафедраның СҚК отырысы барысында Andrew Hockleyмен бірлесіп ауызша сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша кафедра пәндері бойынша қорытынды бағаны айқындау шкаласы әзірленді. Сонымен қатар, кафедраның 2022-2023 оқу жылына арналған СҚК жоспары талқыланды.

«Шет тілдері» кафедрасы өзінің академиялық стандарттарын қолдауға және білім беру сапасын арттыруға ұмтылады. Оқытушылар құрамының мүдделілігі мен бейілділігі оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Осы мақсатта кафедраның бүкіл академиялық құрамы білім беру, оқыту және зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру үшін қызметтің барлық салаларын жетілдіруге үнемі ұмтылады.

Жоғары білім беру қағидаттарына сәйкес кафедраның CҚК және ол қамтитын процестер идеяларды қалыптастырудың, сондай-ақ озық тәжірибені анықтау, бағалау және берудің өзекті және тиімді құралы болып табылады.

Без рубрики