2022 жылғы 13 маусымда «KSM» ЖШС компаниясының басшылығымен көшпелі кеңес өтті, оған «KSM» ЖШС директоры В. Ким, цифрлық университетті дамыту департаментінің басшысы А. Ж. Амиров, «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісінің м. а. Е. Г. Нешина қатысты.
«KSM» ЖШС еуропалық жабдықтарды пайдалана отырып қазандық өндіру бойынша қазақстандық жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Компания әртүрлі мақсаттағы және қуаттағы қазандықтарды жобалау, монтаждау және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. Компанияның меншікті өндірістік-техникалық базасы барлық қажетті машиналармен, механизмдермен және аспаптармен жабдықталған.
Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің одан әрі жұмысқа орналасу перспективасы мен кәсіби практикадан өтуіне шарт жасасу туралы келісімге қол жеткізілді. Таныстыру экскурсиясы барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері кәсіпорынның қызметкерлерімен ЖОО бакалавриаты және магистратурасына түсу мәселесі бойынша жиналыс өткізді.