Мерейтоймен құттықтаймыз! «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. В.С. Портнов 75 жаста


Біздің ардагерлер университеттің «алтын қоры», Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңестің, Әдеп жөніндегі кеңестің, ЖОО-ның Академиялық, Ғылыми-техникалық және Сараптамалық кеңестерінің белсенді мүшелері, жастардың тәлімгерлері болып табылады. Университеттің он мыңдаған түлектері оларды өздерінің ұстаздары мен тәлімгерлері ретінде ризашылықпен еске алады. Олар бүгінгі күні де білім мен ғылымның алдыңғы шебінде, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды жалғастыруда, оқу процесінде, ғылыми зерттеулерде және болашақ инженерлерді тәрбиелеуде жас оқытушыларға үлгі көрсетуде.

2022 жылғы 13 маусымда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы, Портнов Василий Сергеевич 75 жасқа толды.

Василий Сергеевич 60 жыл бұрын, 1972 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері кафедрасына орналасқан кезде өз тағдырын alma mater-мен байланыстырды. Осы жылдар ішінде ол оқытушыдан кафедра меңгерушісіне, геология факультетінің деканына, жоғары оқу орнының оқу-әдістемелік басқармасының басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Портнов В.С.  – Қазақстанда және шетелде танымал ғалым, 700-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде ҚР, РФ, АҚШ және басқа да елдердің басылымдарында жарияланған 50 монография мен 7 оқулықтың авторы.

Дарынды басшы, ғалым және педагог Василий Сергеевич жоғары білікті мамандар мен ғылыми қызметкерлердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Тау-кен ісі саласындағы ғылыми зерттеулер мен мамандарды даярлауға қосқан зор үлесі үшін профессор В. С. Портнов «Ерен еңбегі үшін»; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және В.И. Вернадский атындағы (РФ) медальдарымен, I, II, III дәрежелі «Шахтер Даңқы»; III дәрежелі «Горняцкая слава» төс белгілерімен марапатталған; «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»; «Ы. Алтынсарин»; «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағының иегері.

Т.ғ.д., профессор Василий Сергеевич Портновты мерейтойымен құттықтаймыз! Ұзақ өмір мен жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики