«Summer Science School» жазғы лагерінің қатысушылары университеттік Business Skills Park-қа барды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Summer Science School» жазғы лагері аяқталды.

Соңғы күн бизнес жоспарлау және стартап-жобалар негіздеріне арналды. Оқушылар инженерлік және бизнес идеяларды генерациялау университеттік орталығы — Business Skills Park жұмысымен танысты.

Business Skills Park коворкинг-орталықты, бизнес-инкубаторлар кеңселерін және кәсіпкерлік дағдылар мен стартаптарды дамытуға арналған басқа да заманауи инфрақұрылымды қамтиды.

Таныстыру дәрісін ғылым және инновациялар департаментінің басшысы Б.Д. Сулеев жүргізді. Дәрістік сабақ барысында оқушыларды университеттің студенттері мен оқытушылары әзірлеген жобалармен таныстырып, «Менің өмірімдегі ғылым» тақырыбында пікірталас өткізді.

Без рубрики