ЖОО-ның «Asia FerroAlloys» ЖШС-мен әріптестік перспективалары


2022 жылдың 23 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдар ұжымы «Asia FerroAlloys» ЖШС Бас директоры Е.В. Штеермен және бас металлургы В.В. Кляцкиймен техникалық кеңеске қатысты.

Кеңес барысында жоғары оқу орны базасында жұмыс істейтін «Корпоративтік Университет» инновациялық-білім беру консорциумы шеңберіндегі ынтымақтастықтың ықтимал нысандары туралы мәселелер, өндірістің проблемалық мәселелері және біздің ғалымдардың оларды шешуге қатысу мүмкіндіктері, студенттер үшін өндірістік практиканы ұйымдастыру, кәсіпорын ұжымы арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мәселелері қаралды. Университет ғалымдарына кәсіпорын ұсынған негізгі мәселелер салмағы 5 тоннадан асатын шойын құймаларының ыстыққа төзімділігін арттыру және олар үшін күюге қарсы жабынды жасау, болат құюға арналған қаптамалардың беріктігін арттыру, құю цехының қалыптау және кесу бөлімдерін механикаландыру болды.

Кездесу қорытындысында университет пен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын техникалық кеңестің ниет хаттамасына қол қойылды.

Без рубрики