Богоявленская Татьяна Агедаловнаның докторлық диссертация қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-нда PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Богоявленская Татьяна Агедаловнаның  6D073000 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру»  мамандығы бойынша «Қазахстан Республикасының жылу желілері үшін полиуретандардың оқшаулағыш композициаларын зерттеу»  тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Калмагамбетова Айзада Шамшитовна – техника ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдары мен технологиялары» кафедрасының доценті (Қарағанды қаласы).
  2. Дитмар Штефан – техника ғылымдарының докторы, Берлин техникалық университетінің «Құрылыс материалдары мен құрылыс химиясы» кафедрасының профессоры және кафедра меңгерушісі (Берлин қаласы, Германия).

Кеңестің уақытша құрамы:

  1. Байкенов Мурзабек Исполович – химия ғылымдарының докторы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Химиялық технология және мұнай химиясы» кафедрасының профессоры және кафедра меңгерушісі (Қарағанды қаласы).
  2. Молдамуратов Жангазы Нуржанович – PhD докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының меңгерушісі және доценті (Тараз қаласы).
  3. Бирюзова Елена Александровна – техника ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті инженерлік экология және коммуналдық шаруашылық факультетінің жылу-газбен жабдықтау және желдету кафедрасының доценті (Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы).

Сын-пікір берушілер:

  1. Абсиметов Владимир Эскендерович – РҚ ҒЗА академигі, техника ғылымдарының докторы, Шухов атындағы Белгород мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс және қала шаруашылығы» кафедрасының профессоры (Белгород қаласы, Ресей Федерациясы).
  2. Дюсембинов Думан Серикович – техника ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының м.а. доценті (Нұр-Сұлтан қаласы).

Докторлық диссертацияны қорғау 2022 жылы 01 шілде сағат 14.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56. Қорғау отырысы онлайн-режимінде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 509 339 2523, кіру коды 1953) өткізіледі.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: t.bogoyavlenskaya88@gmail.com

Без рубрики