«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін»-2022


«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» бағдарламасы аясында 2022-2023 оқу жылына студенттерді қабылдау бойынша  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің іс-шара жоспарына сәйкес, «Серпін» оқу орталығының жетекшісі Ш.А. Жетпісбайдың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 сәуірінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің атқарушы директоры А.З. Исагуловтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге өңірдегі 1, 2, 3-курс студенттері мен университеттің өңірлерге жауапты оқытушылары: Жамбыл облысы бойынша – Н.М. Аубакиров (ҚТжМ), Қызылорда облысы бойынша – М.А. Жайлаубеков (КТЛЖ), Түркістан облысы бойынша – С.Ж. Қосбармақов (ӨК) қатысты. Кездесу барысында студенттерге тұрып жатқан өңірлеріндегі мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізу мен өңірге барған оқытушыларға көмек көрсету жолдары талқыланды.

Без рубрики