2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін ресейлік жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау ашылды


Құрметті студенттер!

Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Ресей), Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Новосибирск қ., Ресей), Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей), Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Томск қ., Ресей), Тюмень индустриялық университеті (Тюмень, Ресей) 2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді оқыту үшін құжаттар қабылдауды ашқанын хабарлаймыз.

Оқу тегін. Көлік шығындары, тұру үшін шығындар, медициналық сақтандыру шығындары «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ бюджеттен тыс қаражаты есебінен төленеді

Өтініштерді берудің соңғы мерзімі 2022 жылдың 13 мамыры. 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. оқу жұмыс жоспары (картаға оқуға жоспарланған пәндер, көктемгі семестр);
  3. мотивациялық хат
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. урет 3*4 – 2 дана;
  6. мектеп аттестатының көшірмесі;
  7. файлдар – 2 дана;

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • GPA – 3.0 және одан жоғары.
  • Орыс тілін білу.
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:

 

Без рубрики