АТҚ және АЕЖ кафедрасында №2 “IT және Smart-технологиялар”секциясының отырысы өтті. Секцияға 134 баяндама беріліп, 71 баяндамашы өз жұмыстарын ұсынды. Конференция қорытындысы бойынша 12 үздік баяндама іріктелді.
ХиХТ кафедрасында “Қазақстан-2050 “Стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі” атты республикалық студенттік ғылыми конференцияның №13 химия-биология ғылымдары секциясының отырысы өтті. Секцияға 44 баяндама берілді, студенттердің 26 баяндамасы және магистранттардың 9 баяндамасы тыңдалды.
Тюмень мемлекеттік университетінен (Ресей) 3 баяндама тыңдалды. Конференция қорытындысы бойынша 7 үздік баяндама іріктелді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!