ПРЕСС-РЕЛИЗ «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асырудағы жастар ғылымының үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференцияны өткізу туралы


2022 жылдың 14-15 сәуірінде Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтеді. 

Конференцияға Қазақстанның және жақын шетелдің 117 жоғары оқу орнынан 1034 баяндама келіп түсті.

Пленарлық және 14 секциялық отырыстарда талқыланатын баяндамалардың тақырыптары тау-кен ісі, металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс, көлік және басқа да салалардың өзекті мәселелерін зерттеу бағыттарының кең спектрін қамтиды. Өндірістік процестерді цифрландыру, IT — және Smart-технологиялар, энергия және ресурс үнемдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Байланыс телефондары: тел.: (8 721 2) 56 52 34, e-mail: nauka-2050@mail.ru

ПРОГРАММА 2022

Без рубрики