Орталықтардың негізгі міндеттері:
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, сондай-ақ университет оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері алған өнертабыстардың нәтижелерін жедел игеру үшін жағдайлар жасау;
- бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын технологияларды, тауарлар мен қызметтерді құру және оларды коммерциялық негізде тұтынушыға жеткізу;
- университеттің ПОҚ, докторанттарын, магистранттары мен студенттерін кәсіпкерлік қызметке тарту, олардың идеялары мен жобаларын іске асыруға жәрдемдесу;
- университеттің инновациялық қызметпен айналысатын ғылыми ұжымдарына ұйымдастырушылық, инжинирингтік, маркетингтік және өзге де қызметтер көрсету;
- инновациялық қызмет және зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
- орталық қызметінің бейіні бойынша семинарлар, ғылыми конференциялар және өзге де жарнамалық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.