Логотипті әзірлеу бойынша байқау қорытындысы


Логотипті әзірлеу бойынша байқау қорытындысы

Құрметті ҚарТУ қауымдастығы!

Сізге «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ логотипін әзірлеу бойынша конкурс қорытындыларын хабарлауға қуаныштымыз. Арнайы комиссия логотип дизайнының 218 нұсқасын қарастырды және дауыс беру үшін 5 үздік нұсқаны таңдап алды. Дауыс беру процессіне 2243 адам қатысты, олардың ішінде білім алушылар, оқытушылар және университет қызметкерлері. Оның нәтижелері және Ғылыми кеңестің шешімі негізінде конкурс жеңімпазы ПСК-19-1 3 курс студенті Дмитрачкова Марина Олеговна атанды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ логотипінің авторын жеңісімен құттықтаймыз!

Без рубрики