Құрметті оқытушылар!


Сіздерге 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі кезеңінде Erasmus+ аясында КарТУ оқытушыларының алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Өтінім беру үшін Халықаралық Ынтымақтастық және Академиялық Ұтқырлық Орталығына (241 кабинет, бас ғимарат) хабарласуыңызды сұраймыз. Өтінімдерді беру мерзімі 2022 жылғы 4 наурызға дейін.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Қолданыстағы IELTS сертификаты кемінде 6.0
2. Өтінім нысаны
3. Түйіндеме (ағылшын тілінде)
4. Мотивациялық хат (ағылшын тілінде)
5. Пәннің атауы және сипаттамасы (ағылшын тілінде оқытуға жоспарланған, 10-12 сағат)

Erasmus+ шеңберінде алмасу бағдарламасы үшін серіктес жоғары оқу орындары:

1. Румыния-Америка университеті (Бухарест, Румыния).
https://www.rau.ro/academic-departments/?lang=en
2. Вильнюс техникалық университеті (Вильнюс, Литва).
https://vilniustech.lt/faculties/6157
3. Познань политехникалық университеті (Познань, Польша).
https://www.put.poznan.pl/ru/node/21101

Грант көлемі: 1230 евро (тұру, сақтандыру полисі, консулдық алым, ұшу).

Без рубрики