Құрметті ҚарТУ қауымдастығы!


ҚР Үкіметінің 18.02.22 №67 Қаулысына сәйкес Қарағанды техникалық университетіне Әбілқас Сағыновтың есімі берілді. Осы маңызды оқиғаға байланысты біздің ЖОО-ның логотипін әзірлеу бойынша конкурс жарияланады. ҚарТУ халықаралық аренада өзін сенімді көрсетеді және әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ықпалдастықты жалғастырады. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ логотипі барлық ресми құжаттарда (хаттар мен бұйрықтар бланкілері, жеке үлгідегі білім туралы құжаттар және т.б.), интернет-ресурстарда, брендтік өнімде пайдаланылады.

Университет логотипін әзірлеу конкурсына ҚарТУ студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушылары, қызметкерлері  қатыса алады.  Жұмыстар 22.02.22 ж. бастап 08.03.22 ж. дейін  (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 23:59) PDF/PNG форматында: konkurs@kstu.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс ыңғайлы болуы үшін хат тақырыбында автордың аты-жөнін және байланыс деректерін көрсетіңіз. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген жұмыстар конкурсқа қабылданбайды. Университет комиссиясы мүшелерінің шешімі бойынша логотиптің үздік үш дизайны іріктеліп алынады, олар кейіннен ҚарТУ қауымдастығында (студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, қызметкерлер) дауысқа салынады. Ең көп дауыс жинаған байқау жеңімпазы 100.000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

             Логотипті әзірлеуге қойылатын міндетті талаптар:

  1. логотип ағылшын тілінде болуы керек және келесі сөздерді қамтуы мүмкін: Saginov, Technical, University, Karaganda;
  2. логотип шеңбер немесе сопақ түрінде болуы керек;
  3. болуы мүмкін логотипінде университет тарихын, құрылған күнін, оның техникалық бағытын және т. б. бейнелейтін символдар, суреттер және басқа элементтер пайдаланылуы мүмкін.

Біз сіздердің осы маңызды жобаға белсенді қатысуларыңызды күтеміз, мүмкін Сіз Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ логотипінің авторы болуыңыз мүмкін! Егер Сізде сұрақтар туындаса, бізге +77001525500 телефоны немесе konkurs@kstu.kz email арқылы хабарласуды сұраймыз.

Без рубрики