«ТМД елдерінің жас көшбасшыларының мәдениетаралық диалогы» Жастар симпозиумына және «Топырақ қасиеттерін бағалау мен мониторингтеудің қашықтықтан әдістері» шеберлік сағатына қатысу туралы


8 желтоқсан күні Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының БЖД-19-1с, БЖД-19-3с, БЖД-18-1 топтарының студенттері, аға оқытушысы Цешковская Е.А., ассистент Сакитаева К.К., аға оқытушысы Цой Н. К.  2021 жылғы 7 және 8 желтоқсанда Ресей халықтар достығы университетінің экология институтының (РХДУ) шақыруымен «ТМД елдерінің жас көшбасшыларының мәдениетаралық диалогы» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 30 жылдығына арналған жастар симпозиумы аясында «Топырақ қасиеттерін бағалау мен мониторингтеудің қашықтықтан әдістері» онлайн-шеберлік сағатына қатысты.

Жастар симпозиумының мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық, білім беру, әлеуметтік және рухани-адамгершілік әлеуетін ашу үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту және қолдау.

Без рубрики