Қайырымдылық – ізгіліктің нақты көрінісі


Қарағанды техникалық университеті тау-кен факультетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасында әр түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Сондай бағыттың  бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық – мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі, адамзаттың бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Адамның адамға деген адамгершілік қасиетін көрсететін таза ниеті пен ізгі қадамы. Қайырымдылықты мақсат еткен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы биыл да мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті.

Кафедраның меңгерушісі т.ғ.к., доцент Н.Р. Жолмағанбетовтың ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. 2021 жылғы 3 желтоқсан күні «2020 жылы балалар үйлері мен интернаттардағы балаларды қолдау жөніндегі «Ақниет» студенттік қайырымдылық қозғалысының қызметіне тартылған білім алушылар санының олардың жалпы санынан 20%-ға өсуін қамтамасыз ету» бойынша топ студенттерінің және кафедра оқытушыларының атынан Медеубаев Н.А., Қонақбаев Е.Қ. және кафедра лаборанты Уәли Н.М. Қарағанды облысы, Доскей ауылының тұрғыны, көп балалы жалғызбасты анаға қайырымдылық көмек көрсетуге барып қайтты. Іс-шара аясында кафедраның аға кураторы Медеубаев Н.А., адамдардың қиын сәттерде бір-біріне көмек беруі мейірім шуағын шашатынын атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқып, білім алып жатқан студент жастарды балалар үйлері мен интернаттардағы балаларды қолдау жөніндегі «Ақниет» студенттік қайырымдылық қозғалысының қызметімен  тереңірек таныстыру.

Халқымыздың «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген қанатты сөзі бар. Кафедраның оқытушылары көмекке мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасауды адамгершілік борыш деп санайды.

Без рубрики