2022 жылдың 14-15 сәуір аралығында Қарағанды техникалық университеті «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы жастар ғылымының үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми online конференциясын өткізеді


Конференцияда келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:

  1. Энергетика және энергия үнемдеу
  2. IT-және Smart-технологиялар
  3. Автоматтандыру. Робот техникасы
  4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  5. Геотехнология
  6. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  7. Машина жасауды дамытудың заманауи аспектілері
  8. Металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар
  9. Көлік және логистика
  10. Жаратылыстану ғылымдары
  11. Гуманитарлық ғылымдар
  12. Экономикалық ғылымдар
  13. Химия-биология ғылымдары
  14. Құрылыс және сәулет

Конференция жұмысына қатысуға ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелері бар Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады.

Конференцияға қатысу тегін.

Қатысу формасы: сырттай, online.

Баяндама тезистері, өтінім (қолы қойылған сканерленген нұсқа) және тезисті плагиатқа тексеру нәтижесі (түпнұсқалығы 75% кем емес) электронды түрде nauka2050@mail.ru электрондық поштаға 2022 жылдың 25 наурызына дейін жіберуді сұраймыз.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34 (ішкі 1052).

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Моисеев Валерий Семенович.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Без рубрики