Конкурсқа кім қатыса алады?
Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады — бакалаврлар немесе магистранттар. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.
Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.
Конкурстық іріктеу
Конрад Аденауэр атындағы Қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.
Конкурсқа қалай қатыса алу керек?
Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: sps-kaz@kas.de
Сұхбаттасумен байланысты сапар шығындары
Сұхбаттасуға қатысқан жағдайда шығыстарды (жазбаша хабарламадан кейін) Қор өзіне алады. Қатысушылар өздері сапар үшін жауапты болып табылады.
Тапсырыс берудің соңғы мерзімі
Құжаттарды қабылдау мерзімі жоқ, бірақ егер сіз бакалавр немесе магистратураның соңғы курсының студенті болсаңыз, құжаттарды өңдеу уақытын ескеріңіз.
Қажетті құжаттар тізімі
Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):
- Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен (сауалнама нұсқасын www.kas.de сайтынан жүктеп алуға болады);
- Түйіндеме;
- Мотивациялық хат (2 парақтан артық емес);
- Транскрипт (студенттің бағалары) (аударма міндетті емес);
- Оқу орнынан алған анықтама қағазы (аударма міндетті емес);
- Қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистранттар үшін).
- Сұхбаттасуғашақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.
Қосымша ақпаратты sps-kaz@kas.de электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына немесе сайтта: https://www.kas.de/kk/web/kasachstan/veranstaltungen/detail/-/content/russkij хабарласу арқылы білуге болады.