Құттықтаймыз!!!


А.К. Садықова ғылым және инновациялар департаментінің инженер-метрологы болып, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің «Құрметті метролог» медалімен марапатталды.

Айкун Кимовна еңбек жолын 1977 жылы ҚарПТИ кешкі бөлімінің 3 курс студенті болып бастады, стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау облысаралық зертханасында инженер — метролог болып жұмыс істеді.

1981 жылы Металлург инженері мамандығын алып, Қарағанды жылу жабдықтары зауытында бас металлург бөлімінде жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК, қазіргі «Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ ғылым және инновациялар департаментінің инженер-метрологы болып жұмыс істейді.

Университетте жұмыс істеген уақытында ғылыми-техникалық, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге және дайындауға белсенді қатысты, бірнеше рет университет ректорының грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтілді.

Мемлекеттік бюджеттік жобалар мен шаруашылық келісім-шарт тақырыптарына белсенді қатысты.

Метрологиялық қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу және енгізу, сондай — ақ университеттің ғылыми-сынақ зертханаларын аккредиттеуді дайындау және жүргізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Без рубрики