Қазақ халқы даму жолында сан ғасырлық қиын жағдайларды басынан кешірді. Қазақ хандығы мен Ұлы Отан соғысы тұсында халқымыздың көрсеткен ұлы күресіне тарих куә. Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізу деген асыл мұратқа бүгінгі ұрпақ қол жеткізді. Сондықтан Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін ұлы мереке. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Биыл біз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнінде «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары математика кафедрасы «30 жыл! 30 асу! 30 белес!» атты онлайн патриоттық кураторлық сағатын өткізді. Аталған шараны ұйымдастырушылар кафедраның аға кураторы Ж.М.Тулеутаева және Лог-21-2 тобының кураторы Мергембаева А.Ж.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тәуелсіздіктің 30 жылдығының маңыздылығын жеткізу және еліміздің тарихына деген қызығушылықты дамыту, патриоттық және азаматтық сана ерекшеліктерін қалыптастыру, оқушыларды тәрбиелеуге үлес қосу. Шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерін, елдегі саяси-әлеуметтік жағдайды, білім мен мәдениетті, тарихты, рухани құндылықтарды, бірлік пен татулықты баяндады. Бірінші курс студенттері патриоттық өлеңдер оқып, Қазақстан тарихындағы отыз жылдағы атаулы даталар туралы «30 өмір сүрді! 30 асу! 30 белес!» бейнеролигін көрсетті. Бейнероликте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуының қиын жолдары мен кезеңдері туралы әңгімеледі.
Барша Қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймыз! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.