К. С. Станиславский атындағы Қарағанды театрында 2021 жылдың 10 желтоқсанында Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Бірінші курс студенттер дебюті — 2021» таланттар байқауының финалы өтті


Байқаудың мақсаты – студенттердің жарқын таланттарының көмегімен  факультеттердің ерекшеліктерін  жастар стилінде, жаңаша түрде ашып көрсету болды.

Байқау 6 номинация бойынша өтті, олар: «Үздік вокалдық нөмір», «Үздік би нөмірі», «Үздік аспаптық нөмір», «Үздік вокалдық-аспаптық нөмір», «Үздік ерекше жанр». Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз факультеттерді анықтады, сонымен қатар университет атынан ақшалай сыйлықтарымен және демеушілердің сыйлық сертификаттарымен марапаттады.

Сәулет-құрылыс факультеті – Бас жүлде;

Машина жасау факультеті — 1 орын;

Тау-кен факультеті – 2 орын;

Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті – 3 орын.

Без рубрики