2021 жылдың 17 қарашасында Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды өңірінде танымал кәсіби жүргізуші, халықаралық конкурстардың жеңімпазы Марат Мейрамұлы Оспанов студенттермен кездесті


Кездесу барысында короновируспен ауырған және дәрігерлеріміздің күш-жігерінің арқасында емделіп шыққан, өзі бұрын «антиваксер» атанған Марат Мейрамұлы аурудың өту барысын және жақындары мен туыстарының өмірі үшін болған уайымымен бөлісті..

Студенттер Марат Оспановтың тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді сұрақтар қойып отырды. Кездесу соңында мейманға университет басшылығы атынан алғыс хат табыс етілді.

Без рубрики