Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2021 жылдың 10 желтоқсан айынан 2022 жылдын 11 қаңтар (қоса алғанда) айына дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 226 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26 – Назарова А.С.
Конкурстық құжаттама: https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/297555?lang=ru